четверг, 2 июля 2009 г.

Астана Қазақстанның бет-бейнесі


Астана қазiр - Еуразия жүрегiндегi өркениеттердiң ұштасқан орталыѕына айналды. Ұлт пен ұлыстың құтты мекенiне шањар қазiр 11 жасқа толып отыр. Республика астанасын көшiру туралы шешiм бiрден қабылданбаѕаны белгiлi. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихшылар, саясаттанушылар мен мќдениет зерттеушiлермен ақылдасып, ќр елдердегi астана ауыстыру тарихымен танысып шыққаннан кейiн ѕана шешiм қабылдады. Кезiнде бұѕан қарсы уќж айтушыларда табылѕан едi. Қазiр Астана қарқынды дамып, Қазақстанның бет-бейнесiне айналды. Ел экономикасын алѕа сүйреушi локомотив мiндетiн атқарып отыр. Астананы салу - жалпы iшкi өнiмнiң 2 пайызын ѕана құраѕан. Мереке қарсаңында Астананың саяси салмаѕы жөнiнде белгiлi саясаттанушылардың пiкiрiн бiлуге тырыстық. Ендi саясаттанушылардың Астана жайындаѕы ой-пiкiрiне құлақ түрсеңiздер.

Астанада шенеунiк пен құрлысшыѕа ескерткiш қою керек
Әзiмбай Ғали, саясаттанушы:
- Астананың Арқа көшiру аудару арқылы елiмiз мемлекеттiлiгiн ныѕайта түстiк. Астананың Ақмолаѕа ауысуы миграциялық үрдiстердiң жүруiне, қазақ жерiн мекен ететiн халықтардың ара салмаѕы теңесуiне мүмкiндiк туѕызды. Бұл ретте Оңтүстiк Қазақстаннан - Солтүстiк Қазақстанѕа, Шыѕыс Қазақстаннан - Орталық Қазақстанѕа көптеген адамдар қоныс аударды. Оу баста Ресейдiң белдi саясаткерлерi Қазақстанның бұл қадамына қолдамаѕаны белгiлi. Ресейдi уысында ұстаѕан Владимир Путин бiраз уақыт Астанѕа келмей өзiнiң дөң-айбат мiнезiн көрсеткенiмен, Нұрсұлтан Назарбаев оны дегенiне көндiрiп, ресми Астананың статуысын мойындатты. Астананың пайда болуы елiмiздегi нарықтық қарым-қатынастардың жедел дамуына түрткi болѕаны анық. Тоқсаныншы жылдардың басында елiмiздiң оңтүстiк аймаѕы нарықтық қатынастарѕа тез бейiмделдi. Қарапайым тiлмен айтсақ, оңтүстiк өңiрдiң тұрѕындары Астана қазақтарына нарыққа қалай бейiмделу керектiгiн үйреттi. Бұл құбылыс елiмiздiң солтүстiк, батыс өңiрлерiнде қамтыѕанын айта кетуiмiз керек. Осылайша елорданың ауысуы елiмiздiң барлық аймақтарында нарықтық қатынастардың бiр қалыпта дамуын қамтамасыз еттi. Қазiр Астанадаѕы қазақтың үлесi 65 пайыздан артық. €кiнiшке орай, олардың көпшiлiгi орыс тiлiнде сөйлейдi. Өз басым алдаѕы уақытта бұл кемшiлiктiң жойылатынына сенiмдiмiн.
Кезiнде орыс тiлдi кейбiр басылымдар қазақ билiгi рушыл деп кiнќ таққан-ды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астананы Арқа төрiне көшiру арқылы жалпы қазаққа ортақ тұлѕа екенiн паш еттi. Осылайша бұра тартатын кейбiр орыс басылымдарының аузына құм құйғаны белгiлi. Н. Назарбаев өзiнiң жершiлiдiк-рушылдық сияқты жаман әдеттерден биiк тұрғанын iспен дәлелдедi. Елбасының орнында басқа бiреу болса мұндай қадамңа бармас едi.
Астананың пайда болуы ескi номенклатураны екшедi. Билiкте буын алмасу процессiнiң жүруiне ықпал еттi. Ескi кадрлардың бiразы Астананың ызѕарына шыдаѕан жоқ. Өз басым мұны кiшi номенклатуралық ревалюция деп бағалаймын. Әу баста мен де Астанада тұрып, қызмет еттiм. Шынымда айтсам, Астананың ауа-райына көндiге алмадым. Аңызақ желi, өкпенi тесетiн суыѕы мезi еткенi жасырып қайтейiн. Бiрақ Астананы көркейтемiз деп құлшынѕан жiгерлi жастар шыдады. Жалыпы менiң ойымша Астанада қоѕамның екi топ өкiлдерiне ескерткiш қою керек. Бiрiншiсi – шенеунiкке, екiншiсi – құрлысшыларѕа. Сол кездерi кейбiр мемлекеттiк ведмоствалар түнгi саѕат 12-ге дейiн жұмыс iстегенiн бiлемiн. €зiмнiң балам «басшыларымыз кешкi 9-да үйiне қайтатындарды жұмыстан ерте кетiп барасың деп қуатын едi» деп күледi. Осылайша шенеунiктердiң қатал талабының арқасында Астана бой көтергенiн мойындауымыз керек. Бас қаламыздың көркеюi елдiк рухымыздың жандануына, еңсемiздi тiктеуге ќсер еттi. Ал мұның басында жүздеген шенеунiктер тұрды. Сондықтан Астанда шенеунiктерге ескерткiш қою керек деп ойлаймын. €здерiңiзде бiлесiздер замуани құрылыс технологиялары ең алѕаш Астана мен Алматыды сыналды. Биiк ѕимараттар салуда бiрқатар кемшiлiктер мен адам шыѕыны да орын алѕанын жасыруѕа болмас. Мұндай үлкен iс кемшiлiксiз, құрбандықсыз болмайтынын түсiнуiмiз керек. Осылайша құрылысшылар үлкен тќуекелге бел буып, өздерiне жүктелген жапакершiлiктi абыроймен атқарды. Сондықтан Астана төрiнен құрлысшыларѕа да ескерткiш қоюымыз керек.
Социолог мамандардың зерттеуiнше, елорда тұрѕындарының басым бөлiгiн алматылықтар құрайды екен. Екiншi орынѕа Астананың байырѕы тұрѕындары табан тiресе, үшiншi орын шымкенттiктердiң үлесiнде. Бұдан бiз елiмiздiң ќр аймаѕындаѕы түрлi маман иелерiнiң бiр-бiрiмен араласып, бiте қайнасқанын байқаймыз. Бiлiктi мамандар өздерiнiң жаңа технологияларын Астанда сынап, бiрқатар жетiстiкке жеттi. Бұл ретте Астананы салуды түрлi құрылыс технологияларын пайдаланылѕанын атап айтуѕа болады.
Мұсылман ќлемi Астананы Ислам ќлемiнiң солтүстiгiндегi астанасы деп таныды. Елiмiзде көптеген мешiттердiң бой көтеруiне мұрындық болѕан Араб елiнiң шейхтары «Астаның бой көтеруi Ислам ќлемiнiң солтүстiкке қанат жаюынының белгiсi» деп баѕа берген. Бұл да Астананың ќлемдегi орны мен маңызын нықтай түседi.
Астананың салынуы көптеген адамѕа сын болѕанын мойындауымыз керек. Олардың отбасылары Алматыда қалды. Алматының ауа-райына үйренген жандар ќу баста қатты қиналды. Ќрбiр министрлiктiң алдында iшi суѕа толѕан бөшкелер тұратын. Батпақтатып жұмысқа келген мемлектеттiк қызметкерлер бөшкедегi сумен етiгiнiң батпаѕын жуып, жұмысқа кiрушi едi. Құдайѕа шүкiр, қазiр Астананың барлық жерi асфальтталѕан. Аяѕымды батпаққа малып алам-ау деп уайымдамайсың. О баста Астаның инфрақұрылымы, қызмет көрсету саласы да төмен деңгейде болды. Мұның бќрi алматылықтарѕа қиын тигенi анық. Оңтүстiк астанадан қоныс аударѕандар жергiлiктi тұрѕындарѕа дүкеннiң қалай жұмыс iстеу керектiгiн, таксидiң қалай жүру керектiгiн үйреттi. Бқдан басқа олар Астанада қазақ ұлтжандылыѕының қалыптасуына айрықша ықпал еткенiн айта кетуiмiз керек. Бiр сөзбен айтсақ, Астананың бой көтеруi Қазақстан халқы үшiн үлкен өмiр лабараториясы болды.

Астана Алматыны ќлсiретпедi
Сайын БАРБОСОВ, Саяси ѕылымдардың докторы, профессор:
- Бiздер Астананы салу арқылы ќлемге қолымыздан үлкен iстер келетiнiн дќлелдедiк. Осылайша ќлемдiк сќулет өнерiне жауап беретiн, қазiргi ќлеуметтiк-мќдени талаптарѕа сай қала тұрѕызуѕа күш-қуатымыздың жететiнiн байқадық Ќлем халқы бiздiң экономикалық, технологиялық қуатымызды танып, дамуѕа құлаш ұрѕан мемлекет ретiнде таныды. €з басым мұны батыл қадам деп баѕалаймын. Кезiнде бұѕан қарсы пiкiр айтушылар да болды. Дегенмен олардың бќрi өздернiң қателскенiн мойындады. Астанадаѕы сапа, мќденеит, құрылыс елiмiздiң барлық аймаѕының дамуына стимул болѕаны анық.
€з басым Астаның Орталық Қазақстанѕа көшуi аймақтың жаңа қарқынмен дамуына түрткi болды деп ойлаймын. Ертеректе ќлеуметтiк-экономикалық жаѕынан Ақмола, Қостанай, Көкшетау кенже қалып жататын. Астананың Арқа төрiне көшуi аймақтың этондемографиялық жаѕдайы мен этнолингвистикалық ахуалына бiршама ќсер еттi. Солтүстiктегi еркеше орыстану үрдiсi тоқтап, қазақылану процессi алѕа шықты. Астана өзiмен бiрге ұлттық түлеуiмiзге түрткi болѕаны анық. Астананың дамуы iргесiндегi Қостанай, Қараѕанды, Көкшетауѕа айрықша ќсер еттi. Ќрине, мұның бќрiн қарапайым адам байқамауы мүмкiн. €йткенi, мұндай жаѕдайлар бетке ұрып, көзге көрiне бермейдi ѕой.
Астанада қалпатасқан жаңа саяси элита күнi бүгiнге дейiн елiмiздiң жаңаруына, инновацияѕа құлаш ұруына ықпал етумен келедi. Жаңа саяси элита қазақтың дќстүрiне, рухына, тiлiне табиѕи жаѕдайда бетбұрыс жасай бастаѕанын байқадым. Орыс тiлiне бет бұрып кеткен iрi саясаткерлердiң өздерi ұлттық позицияѕа айрықша мќн бере бастады. Осы үрдiстердiң түп-төркiнiнде Астананың ықпалы жатыр.
€з басым елорданың Ақмолаѕа көшiрiлуiн геосаяси мќнi зор iс деп баѕалаймын. Стартегиялық одақтасымыз Ресейге жақындап, өзiмiздiң тќуелсiз екенiмiздi таныттық. Елбасы Орталық Қазақстанѕа табан тiреп тұрып солтүстiгiмiздегi - Ресеймен, шыѕысымыздаѕы - Қытайман тең дќрежеде саяси диолог жүргiзiп келедi. Осылайша Астана бiздiң билiкке психологиялық тұрѕыдан күш-қуат беруде.
Осы ретте айта кететiн жайт, Астана Алматы сорып, ќлсiрету саясатын ұстанѕан жоқ. Алматы да Астанамен бiрге дамып, қанатын кеңге жайып келедi. Алматының дамуы тұйықталѕан жоқ. Қайта қаланың екiншi тынысы ашылып, Орталық Азиядаѕы қаржы орталыѕына айналуѕа күш салуда. Осы тұрѕыдан алѕанда елмiздiң дамуына Астана түрткi болѕан фактор деп қарастыруѕа баѕалауѕа болады.
Бүгiнде Елбасының өзi Астананы Еуразия жүрегi деп атап жүр. Еуразия идеясы осыѕан дейiн тек теория жүзiнде ѕана өмiр сүрген-дi. Еуразия кеңiстiгiнде Ресей, Қытай, Үндiстан, Пќкiстан, Иран сынды саяси салмаѕы басым мемлекеттерi орналасқан. Елбасының бiрiншi болып, Еуразия идеясын көтеруi, Астананы Еуразия жүрегiне теңеуi үлкен саяси көрегендiк. Бұл идея аймақтың ынтымақты, бейбiт жаѕдайда өмiр сүруiн қамтамасыз етедi.
Дайындаѕан Нұрлан ЖҰМАХАН

1 комментарий:

Анонимный комментирует...

Тегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар http://free.ucoz.kz/