пятница, 3 июля 2009 г.

Швеция ЕуроОдақ төрағасы

Сәрсенбі күні Чех Республикасы Швецияға ЕуроОдаққа төрағалық ету эстафетасын табыс етті. Ұйымның жаңа төрағасы алдағы уақытта дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарымен және климаттық өзгерістермен күреседі. Сондай-ақ, Швецияны ЕуроОдақты кеңейту келіссөздерін ары қарай жалғастыратын болады.Саяси сарапшылар алдағы уақытта ЕуроОдақтың басқарушы органы Еуропарламент пен Еурокомиссия басшыларын 2009-2014 жылға сайлау болатындығын алға тартуда. Еуропалық кеңесті басқару тізгіні Швецияның премьер-министрі Фредрик Рейнфельдтің қолына өтеді деп күтілуде. Ол Швецияда билік құрып отырған коалициялық партияның тобасшысы екені белгілі. Ф. Рейнфельд ақапарат құралдарына берген түсініктемесінде Одақ аймақтың қаржы жүйесін қатаң бақылауға алатындығын айтқаны белгілі. Швецияның ЕуроОдаққа төрағалық ету Түркияға одаққа қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Швеция осыған дейін ресми Анкараның ЕуроОдаққа мүше болуын қолдап келген елдердің бірі. Алдағы уақытта Ирландия Лиссабон хаттамасына қолдап жатса, Швеция тарихта ЕуроОдаққа төрағалық еткен соңғы ел болып қалуы мүмкін. Егер ирландиялықтар еуропалық конституцияны қолдап жатса, ЕуроОдақ басшысы сайланатыны белгілі.

Комментариев нет: